Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 13 июня 2022 года № 15 «Об утверждении Правил равного доступа к ключевой мощности»

Бұйрық · № 4 · қабылданған 11.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2022-no-15-ekb-181299/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 13 июня 2022 года № 15 «Об утверждении Правил равного доступа к ключевой мощности» Қолданыста Бұйрық ·№ 4 ·11.05.2023
11.05.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 13 июня 2022 года № 15 «Об утверждении Правил равного доступа к ключевой мощности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 4 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 13 июня 2022 года № 15 «Об утверждении Правил равного доступа к ключевой мощности»
Атауы (қаз.)
«Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
11.05.2023
Көрсетілген редакция
11.05.2023 181299_632572.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032491
ЭКБ идентификаторы
181299
Редакция идентификаторы
181299_632572
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:08

0 «Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

1 1. «Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28495 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1-тарау. Электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында негізгі қуатқа тең қол жеткізуді қамтамасыз етудің ерекшеліктері
18-1. Электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығындағы негізгі қуаттың иелері тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие энергия өндіруші ұйымдар (бұдан әрі – ЭӨҰ) болып табылады.
18-2. Негізгі қуат иесі өзінің интернет-ресурсында және монополияға қарсы органда орналастырады:
негізгі қуат иесі әзірлейтін электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында сатып алу-сатудың Үлгілік шарты;
алдағы жеткізілім жылына ҚҚС-сыз 1 кВт*сағ үшін құны;
өтінімдерді қабылдау үшін ақпараттық жүйенің болуы және оған қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат. Өтінімдерді электрондық пошта арқылы қабылдаған жағдайда оның нақты атауы мен мекенжайын көрсету қажет.
18-3. ЭӨҰ жыл сайын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей өзінің және монополияға қарсы органның интернет-ресурсында келесі жылға шарт жасасу үшін қолда бар және резервтелген қуат туралы ақпаратты орналастырады.
18-4. Күнтізбелік жыл ішінде электр энергиясының көлемдерін бөлу процесін басқаруға заңды, ашық және жүйелі тәсілді қамтамасыз ету мақсатында ЭӨҰ жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 ақпанынан 31 мамырына дейін электр энергиясын сатып алушылардан өтінімдер қабылдайды.
18-5. Өтінімге келесі құжаттар кіреді:
1) резервтелетін қуатты ай сайын бөле отырып, электр энергиясын сатып алу ниеті көрсетілген электр энергиясын көтерме сатып алушының хаты;
2) электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсетуге бірыңғай сатып алушымен электр энергиясын көтерме сатып алушының шартының көшірмесі;
3) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі (энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін);
4) мәлімделген іріктеу нүктелеріне байланысты өңірлік және (немесе) ұлттық деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйыммен электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттың немесе ниет хаттамасының көшірмесі.
Осы тармақтың 4) тармақшасының талабы ЭӨҰ шиналарына тікелей қосылған тұтынушылардың өтінімдеріне қолданылмайды.
18-6. Сатып алушылардың өтінімдері негізінде ЭӨҰ жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 25 маусымынан кешіктірмей алдағы күнтізбелік жылға электр энергиясын босату жоспарын бекітеді.
18-7. Осы Қағидалардың 18-4-тармағында көрсетілген кезеңде берілген өтінімдер басымдылықтың кему тәртібімен ЭӨҰ-мен қаралады:
1) ЭӨҰ тұлғалар тобының құрамына кіретін электр энергиясының көтерме сауда нарығының тұтынушылары;
2) ЭӨҰ шиналарына және (немесе) өңірлік электр беру желілеріне қосылған тікелей тұтынушылар;
3) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын стратегиялық тауар ретінде пайдаланатын тұтынушылар;
4) тұрмыстық тұтынушыларға олар үшін расталған көлемдер шегінде электр энергиясын өткізетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;
5) өзге де энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының көтерме сауда нарығының тұтынушылары.
18-8. ЭӨҰ бекіткен электр энергиясын босату жоспарының негізінде ЭӨҰ мен сатып алушылар арасында жоспарланған кезеңге бір жылға электр энергиясын сатып алу-сату шарты жасалады, ол Үлгілік шартқа сәйкес келуі тиіс.
Қателерді түзетуді қоспағанда, Үлгілік шартты өзгерту бұл туралы сатып алушыларға хабарланған сәттен бастап 1 айдан ерте емес уақытта негізгі қуат иеленушінің және монополияға қарсы органның интернет-ресурста орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Үлгілік шарттың бұрынғы редакциялары қарау үшін көпшілікке қолжетімді болуы тиіс.
18-9. ЭӨҰ шартын жасасудан бас тарту немесе жалтару, электр энергиясын өндіруді қысқарту не тоқтату мынадай жағдайларда:
1) жүйелік оператор растаған ЭӨҰ сатып алушы жүгінген сәтте электр энергиясын өндірудің, берудің техникалық мүмкіндігінің болмауы;
2) жүйелік операторға шарттық көлем (реттеу диапазоны) шамасына қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсету;
3) тиісті адамдар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қолда бар қуаттың он пайызынан аспайтын мөлшерде электр қуаты резервінің қажетті шамасын ұстап тұру;
4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) бекітілген электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларының талаптарына сәйкес өтінім беру сәтінде сатып алушының төлем қабілеттілігін растамаған жағдайда негізделген деп есептеледі.
18-10. Осы тарауда реттелмеген өзге де мәселелер осы Қағидалардың 1, 2 және 3-тарауларының ережелерімен регламенттеледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы