О внесении изменения в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 13 июня 2022 года № 15 «Об утверждении Правил равного доступа к ключевой мощности» Қолданыста
Басқа 0
Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28495 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларында:
33-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жолаушылар тасымалының көлемі бойынша отандық авиакомпаниялар, жүк тасымалының көлемі бойынша отандық авиакомпаниялар, мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторға, негізгі қызмет түріне байланысты өткізу көлемдеріне;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі