О внесении изменений в решение Сырымского районного маслихата от 13 апреля 2022 года № 16-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сырым аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 16-2 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Сырым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Сырым аудандық мәслихатының «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 16-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27746 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»; көрсетілген шешіммен бекітілген Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында: 6 – тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.