О внесении изменений в постановление акимата города Актобе от 13 января 2022 года № 21 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 21 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), ҚР ЕР № 1913-2023 «Автомобиль жолдары мен көшелері. Пайдалану күйінің нормалары мен талаптары» ұлттық стандартының 4.2 және 6.1.1 тармақтарына, «Ақтөбе облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 5-5-67/454-И ұсынысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 21 қаулысына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қаңтарда № 26585 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары» қосымшасында: - 56, 57 тармақтар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен: 1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Ақтөбе қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Жобаны енгізуші: «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Көкеев