О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 13 октября 2022 года № 911 «Об утверждении Правил организации воспитательной, социально-правовой, психологической и идеологической работы с личным составом Вооруженных Сил Республики Казахстан» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 911 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 911 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30165 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларында: 52-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет саясатын, этносаралық және конфессияаралық келісім негіздерін, құрылымды бұзатын және радикалды идеология мәнін түсіндіру мақсатында діни тұрғыдан сауаттандыру;»; 88-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «9) моральдық-психологиялық ахуалды оңтайландыруды, қызметтік ұжымда достық, жолдастық, өзара көмек атмосферасын, әрбір әскери қызметшінің абыройы және ар-намысын құрметтеуді қолдауды;»; 117-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) әскери бөлімдер мен мекемелерде жеке құраммен тәрбие, әлеуеметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, мемлекет идеологиясын, ел басшылығы қабылдайтын қорғаныс қабілетін нығайту, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды түсіндіру;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.