«О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Комитета государственных услуг Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 13 сентября 2023 года № 400/НҚ «Об утверждении перечня услуг НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан», оказываемых через отделы обслуживания населения, а также через Единый контакт-центр 1414» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының м.а. 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 400/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Тармақ 1
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының м.а. 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 400/НҚ бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы, сондай-ақ 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесінде: Бұйрыққа 2-қосымшада: 3-тармақ алынып тасталсын, 5-тармақ алынып тасталсын, 6-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «6. Консультациялық қызметтер көрсету, одан әрі техникалық қолдауға тіркеу»; 7-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «7. «Бейнеқоңырау» сервисі арқылы консультациялық қызметтер көрсету»; 8-тармақ алынып тасталсын; 9-тармақ алынып тасталсын; 10-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «10. Консультациялық қызметтер көрсету, одан әрі «Үйге бару» қызметін алуға өтінімдерді тіркеу»»; 11-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «11. Консультациялық қызметтер көрсету, одан әрі «Шағым», «Пікір» санаттары бойынша өтініштерді тіркеу; 12-тармақ алынып тасталсын; келесі мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын: «13. Әкімшілік органдарға коммерциялық негізде байланыс орталығының қызметтерін ұсыну»; келесі мазмұндағы 14 тармақпен толықтырылсын: «14. Техникалық сүйемелдей отырып, 1414 нөміріне өтеулі негізде қолжетімділік беру», келесі мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын: «15. Қоңырауларды қабылдау үшін байланыс орталығы жүйесіне өтеулі негізде қолжетімділік беру)».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-ге жолдануын»;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.