О внесении изменения в решение Павлодарского городского маслихата от 13 октября 2023 года № 65/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре» Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 65/8 шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 қазандағы № 65/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7406-14 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгідеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
бесінші абзацының 8 - тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) біржолғы әлеуметтік көмек:
Қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде үшінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.