О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 13 октября 2023 года № 65/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 65/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 қазандағы № 65/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7406-14 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгідеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында: 8-тармақта: бірінші абзацының 2) тармақшасы мынадай мазмұнда толықтырылсын: «2) біржолғы әлеуметтік көмек:»; екінші абзацының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «Қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде қызметтердің және (немесе) атқарылған жұмыстарына келісім-шарт, тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК), 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;»; он бесінші және он алтыншы абзацтарының 2) тармақшасы алынып тасталсын: «Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында, төртінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде «жүйелі қызыл жегі» ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде; Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында, төртінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде «инсулинге тәуелді, инсулинге тәуелді емес инсулинді қажет ететін түрі бар қант диабеті» ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.