О внесении изменений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 13 августа 2025 года № 197-НҚ «Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) или доверительное управление водохозяйственных сооружений, находящихся в государственной собственности» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздаңы № 197-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36628 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына: 1-қосымшасының 2-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады; 2-қосымшасының 2-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады; 3-қосымшасының 11-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады; 3-қосымшасының 13-тармақ келесі мазмұнда жазылсын: «13. Ай сайынғы жалға ақысы, жалдауға (жалға) алушы тарапынан жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қолма-қол бақылау шотына немесе мынадай бюджеттік сыныптамалар кодтарының біріне аударылады: 201501 - республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; 201504 - облыстың коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; 201506 - астана, облыс, республикалық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; 201508 - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер (қалалық, ауылдық округ, ауыл, кент әкімдерінің басқаруындағы мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда); 201___ - аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер. Бенефициардың БИК _______, ИИК _______, бенефициар банкі: _____________. Жалдауға (жалға) алушы жалға алу төлемін төлеу туралы төлем тапсырмасына немесе түбіртекте «төлем тағайындауы» жолында: жалдауға (жалға) алушының жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін; мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы тағайындаған шарт идентификаторын енгізеді; Төлем мөлшерлері орталықтан белгіленетін баға мен тарифтер өзгерген жағдайларда тараптардың бірінің талабы бойынша қайта қаралуы мүмкін. Мүлікті пайдалану үшін төлем мөлшерлері, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, жылына бір реттен жиі өзгертілмеуі тиіс.»; 3-қосымшасының 18-тармақтың 5) тармақшасы келесі мазмұнда жазылсын: «5) егер жалдауға (жалға) алушы шартта белгіленген мерзімде, ал егер шартта мұндай мерзімдер көрсетілмесе, Қазақстан Республикасының заңдарына немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу жүргізу міндеттемесі жалдауға (жалға) алушыға жүктелген жағдайда, оны ақылға қонымды мерзімде орындамаса, жалдауға (жалға) беруші шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап ету құқығын жалдауға (жалға) алушыға міндеттемесін орындауға мүмкіндік бергеннен кейін ғана пайдалана алады;»; 3-қосымшасының 24-тармақ келесі мазмұнда жазылсын: «24. Егер жалдауға (жалға) алушы өзінің жеке қаражаты есебінен және баланс ұстаушының келісімімен және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) жазбаша рұқсаты негізінде су шаруашылығы құрылысына зиян келтірмей бөліп алуға келмейтін жақсартулар жүргізсе, шарт тоқтатылғаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жалдауға (жалға) алушы бұл жақсартулардың құнын баланс ұстаушыдан өтеп алуға құқылы. Жалдауға (жалға) алушы жүзеге асырған бөліп алуға келетін жақсартулар оның меншігі болып табылады. Жалдауға (жалға) беруші мен баланс ұстаушының келісімінсіз жасалған бөліп алуға келмейтін жақсартулардың құны Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтелуге жатпайды.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.