О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Каракиянского района от 13 января 2026 года № 1 «Об утверждении Положения государственного учреждения» Каракиянский районный отдел экономики и финансов» в новой редакции» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарақия ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 1 «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 1 «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін; Көрсетілген қаулымен бекітілген «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 17-тармағы келесі мазмұндағы 36) тармақшасымен толықтырылсын: «36) «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары аясында құжаттамаларды жинақтайды, қорғайды және бағдарламалар бағыты бойынша жұмыстарын жүргізеді; ».
Тармақ 2
2. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қарақия ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.