О внесении изменения в решение акима Денисовского сельского округа Денисовского района Костанайской области от 13 июля 2026 года № 5 «Об установлении публичного сервитута государственному учреждению «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата Денисовского района» Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 13 шілдедегі № 5 «Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жария сервитут белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Денисов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 13 шілдедегі № 5 «Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жария сервитут белгілеу туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1. «Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Қостанай облысы, Денисов ауданы, Гришенка ауылының газ тарату желілерін салу» объектіне орта және төмен қысымды газ құбырының тарату желісін салу және пайдалану үшін, Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі Гришенка ауылы аумағында орналасқан жалпы алаңы 3,704 га жер учаскесінде 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім онын алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.