О внесении изменения в решение 14 сессии Абайского районного маслихата от 16 марта 2017 года № 14/148 «Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию и захоронение твердых бытовых отходов по городу Абай, поселкам Карабас и Топар Абайского района» Күшін жойған
Басқа 0
Абай аудандық мәслихатының 2017 жылғы
16 наурыздағы 14 сессиясының № 14/148
«Абай қаласы, Абай ауданының Қарабас
және Топар кенттері бойынша тұрмыстық
қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге
жаратуға және көмуге арналған тарифтерді
бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Абай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы 14 сессиясының № 14/148 «Абай қаласы, Абай ауданының Қарабас және Топар кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4214 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкісінде 2017 жылы 25 сәуірде, 2017 жылғы 22 сәуірдегі № 15 (4169) «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге 2 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Абай ауданының Топар кенті бойынша
тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,
әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған
тарифтері
Абай аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 18
наурыздағы
№ 4/49
шешіміне қосымша
Абай аудандық маслихатының
2017 жылғы 16 наурыздағы
14 сессиясының
№ 14/148 шешіміне
2 қосымша
Абай ауданының Топар кенті бойынша
тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,
әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған
тарифтері
Атауы
1 м3 үшін тариф (қосылған құн салығынсыз), теңге
Жинау және әкетуге
Көму
Кәдеге жаратуға
Барлығы
Заңды тұлғалар
1443,87
377,01
0,00
1 820,88
Жайлы тұрғын үй (1 тұрғынға)
228,61
59,7
0,00
288,31
Жайлы емес тұрғын үй (1 тұрғынға)
264,71
69,12
0,00
333,83