О признании утратившим силу постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 14 декабря 1993 года № 1247 "Об утверждении Положения о порядке передачи религиозным объединениям культовых (молитвенных) зданий, сооружений и иного имущества" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ғибадат үйлерін, ғимараттарды және өзге де мүлікті діни бірлестіктерге беру тәртібі туралы ережені бекіту жайында" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 желтоқсандағы № 1247 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Ғибадат үйлерін, ғимараттарды және өзге де мүлікті діни бірлестіктерге беру тәртібі туралы ережені бекіту жайында» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 желтоқсандағы № 1247 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 49, 588-құжат);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу, күші жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қаңтардағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 6, 26-құжат).
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.