О внесении изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 14 июля 1995 г. N 974 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 шiлдедегi N 974 қаулысына өзгерту енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын тауарларға және құмар ойындар бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 шiлдедегi N 974 P950974_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 281-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
"Ататын және газ қаруы (мемлекеттiк өкiмет органдары үшiн сатып алынғандардан басқа)" деген жолдағы "40" саны "20" санына алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Ататын және газ қаруына (мемлекеттiк өкiмет органдары үшiн сатып алынғандардан басқа) белгiленген акциздер ставкасы 1996 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданылады.