О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 14 июля 1995 г. N 974 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 шiлдедегi N 974 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.31. N 1747 қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын тауарларға және құмар ойындар бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 шiлдедегi N 974 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 281-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: "Өңделген және өңделмеген мех терiлерi (көртышқан, үй қояны, ит, бұғы, қой терiсiнен басқа)" жолындағы "20" цифры "7" цифрымен алмастырылсын; "Пальтоны, шолақ пальтоны күртешелердi, жамылғыларды, палантиндердi, боаны, шарфты, бас киiмдер мен жағаларды, тондарды, пластиндердi қоса алғанда (көртышқан, үй қояны, ит, бұғы, қой терiсiнен жасалған бұйымдардан басқа) нақты мехтан жасалған бұйымдар" жолындағы "50" цифры "10" цифрымен алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.