О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 14 июля 1995 года № 974 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 шiлдедегi № 974 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.12.1996 № 1747 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын
тауарларға және құмар ойындар бизнесiне арналған акциздердiң
ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 14 шiлдедегi N 974 қаулысының қосымшасына /Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 281-құжат/ мынадай
өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Шараптар" жолындағы "0,2" цифрлары
"0,3" цифрларымен алмастырылсын;
"Шарап материалдары" жолындағы "0,2"
цифрлары "0,1" цифрларымен алмастырылсын;
"Өңделген және өңделмеген мех терiлерi
/көртышқан, үй қояны, ит, бұғы, қой
терiсiнен басқа/" жолындағы "50" цифры
"20" цифрымен алмастырылсын;
"Өңделген және өңделмеген мех терiлерi..."
жолы мынадай жолдармен толықтырылсын:
"Өңделген және өңделмеген қаракөл терiлерi 7
Пәлтенi, қысқа пәлтенi, жакеттi, желбегейдi,
палантиндi, боаны, шарфты, бас киiмдi, жағаны,
тонды, пластиндi қоса алғанда қаракөлден
жасалған бұйымдар 10
Өңделген қаракөлдi қолдана отырып жасалған
пәлте, қысқы пәлте, жакет, желбегей 10