О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 ноября 1996 года N 1389 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қарашадағы N 1389 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қарашадағы N 1389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 46, 450-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: мына: "2201 Сулар, табиғи немесе 20, бiрақ 1 кг үшiн жасанды минералды, газды, 0,25 ЕВРО-дан кем қант немесе басқа да емес" тәттiлендiретiн немесе дәмдi-хош иiстi заттар қосылмаған суларды қоса алғанда; мұз бен қар деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "мыналардан басқа: 2201 90 000-ден Құбырлардан өтетiн шаруашылық-ауыз су және техникалық мақсаттарға арналған басқа да ауыз су* 0".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi екi апта мерзiмде Еуразиялық экономикалық қауымдастық Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабарласын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап отыз күн өткеннен кейін күшіне енеді.