О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 1997 года N 558 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 16, 131-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесі: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 234-1-жолмен толықтырылсын: "234-1    ТМД елдерінде шығарылған,              8802 11 100-ден,           шығарылған күнінен бастап              8802 12 100-ден,           пайдалануда 15 жылдан көп емес         8802 20 100-ден,           болған;           ТМД-ға кірмейтін елдерде               8802 30 100-ден,           шығарылған, шығарылған күнінен         8802 40 100-ден".           бастап пайдалануда 10 жылдан           көп емес болған азаматтық           тікұшақтар мен ұшақтар
Тармақ 2
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.