О внесении изменений в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 14 апреля 1999 года N 151 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 14 сәуірдегі 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің атқарушы құжаттарды орындау тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 14 сәуірдегі 151 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің атқарушы құжаттарды орындау тәртібі туралы нұсқаулыққа
Тармақ 2
2 тармақ келесі мағынадағы редакцияда жазылсын:
"Жөнелтушінің келісімінсіз ақшаны алуға инкассалық өкім, соттардың шешімдері, үкімдері, анықтамалары және қаулыларымен берілген атқару парақтары мен бұйрықтары немесе ақшаны алу туралы соттың бұйрығы негізінде ұсынылады.";
4 тармақтағы "бұдан кейін бюджет қаражаты бойынша не ақылы қызмет көрсетуден алынған қаражат бойынша барлық шығыс операциялары инкассалық өкімнің атқарылуы туралы мәселе шешілгенге дейін тоқтатылады." деген сөздер алынып тасталсын.
5 тармақтағы "3 банктік күн ішінде" деген сөздер "егер нұсқаулардың шарттарымен өзгеше мерзім белгіленбесе ризалық нұсқау күнінен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын.
6 тармақтағы "Барлық мәселелерді Қазынашылық органынан Борышкер хабар алған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде бағдарламалардың әкімшісі шешуі тиіс." деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.