О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 1999 года № 1917 "О совершенствовании системы экспортного контроля в Республике Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2. Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының                                            Премьер-Министрі                              К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 921 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысымен бекітілген Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы Исекешев               - Қазақстан Республикасы Әсет Өрентайұлы          Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төраға Рау                    - Қазақстан Республикасының Альберт Павлович         Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары Байтұқбаев             - Қазақстан Республикасының Ерлан Ысқақұлы           Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, хатшы Әбіқаев                - Қазақстан Республикасы Нұртай Әбіқайұлы         Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Жақсыбеков             - Қазақстан Республикасының Әділбек Рыскелдіұлы      Қорғаныс министрі Жәмішев                - Қазақстан Республикасының Қаржы Болат Бидахметұлы        министрі Жұмағұлов              - Қазақстан Республикасының Білім Бақытжан Тұрсынұлы       және ғылым министрі Омаров                 - Қазақстан Республикасы Қайрат Ермекұлы          Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайырбекова            - Қазақстан Республикасының Салидат Зекенқызы        Денсаулық сақтау министрі Мамытбеков             - Қазақстан Республикасының Ауыл Асылжан Сарыбайұлы       шаруашылығы министрі Мыңбаев                - Қазақстан Республикасының Сауат Мұхаметбайұлы      Мұнай және газ министрі Баймағанбетов          - Қазақстан Республикасының Серік Нұртайұлы          Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мұсабаев               - Қазақстан Республикасы Талғат Амангелдіұлы      Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Тәңірберген            - Қазақстан Республикасы Сайыдмұрат Бапанұлы      Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)