О внесении дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по инвестициям от 14 апреля 2000 года N 01/7 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының тiзбесiн бекiту туралы" 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3444 Жарлығының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 6 наурыздағы N 349 Жарлығымен бекiтiлген экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметiн жүзеге асыратын инвесторлармен контракттар жасасу кезiнде жеңілдiктер мен преференциялар беру тәртiбiнiң 2-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi төрағасының "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметiн жүзеге асыратын инвесторлармен контракттар жасау кезiнде жеңілдiктер мен преференциялар беру рәсiмiн жетiлдiру туралы" 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына мынадай толықтыру енгізiлсiн:
"Тiкелей отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн 2002 жылға дейiнгi кезеңге арналған неғұрлым маңызды өндiрiстердің тiзiмi" 3-қосымшада:
2 "Өңдеушi өнеркәсiп" тарауы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "өте жаңа жоғары тиiмдi экологиялық таза технологиялар қолданылатын ферромарганецтi қорытпалар өндiрiсi".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.