О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 октября 2000 года N 1527 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жол саласының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 442, 490-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) (күші жойылды - 2004.12.29. N 1414 қаулысымен)
Тармақша 2
2) мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорны республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, ұстау және көгалдандыру жөніндегі сатып алынуы стратегиялық ерекше маңызды жұмыстардың жеткізушісі болып белгіленсін".
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N 1414 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.