О внесении дополнения в приказ Министра государственных доходов Республики Казахстан от 14 июля 2000 года N 712 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2000 жылғы 14 шілдедегі N 712 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010147_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2000 жылғы 14 шiлдедегi "Шот-фактуралардың нысандары және оларды қолдану тәртiбi туралы" V001241_ N 712 бұйрығында мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
"1-1. "Шот-фактуралардың нысандары және оларды қолдану тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2000 жылғы 14 шiлдесiндегi N 712 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" V011519_ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2001 жылғы 17 наурыздағы N 298 бұйрығының 1-тармағында көрсетiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескерместен нысандар бойынша шот-фактураларды ресiмдеу 2001 жылдың 1 шілдесiне дейiн жүргiзiлетiнi белгiленсiн.".
Тармақ 2
2. Әдiстеме департаментi (Үсенова Н.Д.): осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегі агенттiгiмен келiсiлсiн; келiсiлген бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгіне мемлекеттiк тiркеуге жiберiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2001 жылдың 5 маусымынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2001 жылғы 27 шілде
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы
2001 жылғы 20 шілде