О внесении дополнения и изменения в Приказ Агентства Республики Казахстан по инвестициям от 14 апреля 2000 года № 01/7 "О совершенствовании процедуры предоставления льгот и преференций при заключении контрактов с инвесторами, осуществляющими инвестиционную деятельность в приоритетных секторах экономики" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi агентiгiнiң 2000 жыл сәуiрдiң № 01/7 Бұйрығына енгiзiлген толықтырулар және өзгертулер туралы "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасағанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 18.03.2003 № 18-п бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жыл сәуiрдiң 5 N 3444 "Отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларының тiзбесiн бекiту туралы" Жарлығының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жыл наурыздың 6 N 349 Жарлығымен бекiтiлген, экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасағанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференциялар ережесiнiң 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жыл сәуiрдiң 14 N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасағанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына келесi толықтырулар мен өзгерiстер енгiзуге: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген 3 қосымшаның "2002 жылға дейінгi мерзiмде отандық және шетелдiк тiкелей инвестиция тарту үшiн маңызды өндiрiстер тiзiмi", 2 тарауына "Өңдейтiн өнеркәсiп", келесi жолдардың мазмұнын енгiзуге: "Қант өндiру Үздiксiз болат құю технологиясын қолдана отырып, қапталған және қапталмаған қара металл прокатын өндiру"; "Жиhаз құрау" жолын келесi жолдың мазмұнымен алмастыруға: "Жиhаз және фурнитура өндiру".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгiнде мемлекеттік тiркеуге алынған күннен бастап күшiне енедi.