О внесении изменений и дополнения в Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по инвестициям от 14 апреля 2000 года № 01/7 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 01/7 Бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 18.03.2003 № 18-п бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі N 3444 "Отандық және шетелдік тікелей инвестицияларды тарту үшін Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларының тізбесін бекіту туралы" жарлығының 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 наурыздағы N 349 жарлығымен бекітілген Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететін инвесторлармен келісім-шарт жасағанда берілетін жеңілдіктер мен преференцияларды беру ережесінің 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететін инвесторлармен келісім-шарт жасағанда берілетін жеңілдіктер мен преференцияларды беру процесін жетілдіру туралы" бұйрығына келесі өзгертулер мен толықтыру енгізу:
Тармақша 1
1) бұйрықтың мәтініндегі "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі", "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттікке", "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттікті", "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттікпен" сөздерін сәйкес "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті", "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетке", "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетті", "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетпен" сөздерімен ауыстыруды;
Тармақша 2
2) 3 қосымшаға "2002 жылға дейінгі мерзімде отандық және шетелдік тікелей инвестиция тарту үшін маңызды өндірістер тізімі":
2 тарауына "Өңдеу өнеркәсібі" келесі жолдың мазмұнын енгізуге:
"Кедей мырыш концентратынан гидрометаллургия тәсілімен металдық мырыш шығару".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді.