О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 14 февраля 2001 года N 32 "По вопросам перехода банков второго уровня к международным стандартам" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Банк жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 V011410_ қаулысы мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: "5-1. Ұлттық Банк осы қаулы күшiне енгенге дейiн бiр жыл бойы Ұлттық Банк мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асырған екiншi деңгейдегi банктер үшiн осы қаулының талаптарын орындау мерзiмiн ұзартуға құқылы.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.
Тармақ 3
3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.