О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 14 ноября 2001 года N 427 "Об утверждении Правил участия банка второго уровня в уставном капитале других юридических лиц, а также выдачи разрешения на создание или приобретение банком второго уровня дочерней организации" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде" 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде" 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесінде:
кіріспесі мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Осы Ереженің талаптары банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың жарғылық капиталына қатысу жағдайларына қолданылмайды.";
2-тармақта:
бірінші азатжолдағы "жарғылық капиталына қатысуға" деген сөздер "акцияларды сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 1
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
"1) соңғы аяқталған жыл ішіндегі бөлінбеген таза кірістің болуы және ағымдағы жылдың кірістер сомасының осындай кезеңдегі шығыстардан асуы ретінде анықталатын соңғы аяқталған жылы және ағымдағы жылдың ішінде шығынсыз қызмет еткенде;";
Тармақша 3
3) тармақша "талаптарға" деген сөздің алдында "барлық" деген сөзбен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) тармақша алынып тасталсын;
алтыншы азатжолдың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына бұрын кепілге қабылданған және қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес анықталатын, әділ құны бойынша бағаланатын акциялардың банктің меншігіне өтуі арқылы тікелей қатысуы банктің меншікті капиталының жиырма бес процентінен аспауы тиіс.";
3-тармақтағы "банктің меншік капиталының бір немесе одан астам проценті" деген сөздер "акцияларын банк сатып алған заңды тұлғаның жарғылық капиталының бес және одан астам проценті" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бірінші азатжолында "7-тармағында" деген сөздер "7-тармағының 1)-6) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 17
17-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Банктің бір жыл ішінде қор биржасында акциялары бойынша делистинг жүргізілген заңды тұлғаның акцияларын сатуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, осындай акциялар банктің есебінде шығын ретінде танылады.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 17-1
"17-1. Осы тараудың талаптары банктің еншілес ұйымдарына қолданылмайды.";
Тармақ 18
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 18
"18. Банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына бұрын кепілге қабылданған және қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес анықталатын, әділ құны бойынша бағаланатын акциялардың банктің меншігіне өтуі арқылы тікелей қатысуы банктің меншікті капиталының он процентінен асқан жағдайда, не банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына осындай қатысуы Заңда көзделмесе, онда банк осы акцияларды олардың меншікке өткен күнінен бастап бір жыл ішінде сатуы тиіс.
Банктің бір жыл ішінде кепіл шарты бойынша банктің меншігіне көшкен заңды тұлғаның акцияларын сатуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, осындай акциялар банктің есебінде шығын ретінде танылады.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолдансын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы