О признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 14 июля 2001 года N 958 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 14 шілдедегi N 958 қаулысының күші жойылды деп тану туралы "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Қағаздан жасалған тұсқағаздардың импорты кезiнде қорғау шараларын енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2001 жылғы 14 шiлдедегi N 958 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетiнің хатшылығын және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiн Қазақстан Республикасының ТМД СЭҚ ТН 481410000, 481420000, 481430000, 481490100, 481490900 кодтарына сәйкес қағаздан жасалған тұсқағаздардың импорты кезiндегі қорғау баждарының күшiн жоятыны туралы хабардар етсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.