О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 14 июня 2002 года N 647 и от 15 ноября 2004 года N 1201 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 және 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.08.27. N 1251 Қаулысымен;
Тармақша 2
2) "Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 45, 568-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Акцияларының" деген сөз "Даму институттарын қоспағанда, акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесiнде:
тақырыбындағы ""Акцияларының" деген сөз "Даму институттарын қоспағанда, акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ "(бұдан әрi - Ереже)" деген сөздерден кейiн "даму институттарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі