О внесении дополнений в решение Мангистауского областного маслихата от 14 мая 2002 года № 19/195 "О правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилья и потребления коммунальных услуг" Қолданыста
Басқа 0
Маңғыстау облыстық мәслихатының "Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрын үй көмегін көрсету Ережесі туралы" 2002 жылы 14 мамырдағы N 19/195 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949
қаулысының
2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы" 2002 жылғы 14 мамырдағы N 19/195
шешіміне
(әділет басқармасында 2004 жылғы 24 мамырда N 887 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Ереженің мемлекеттік тілдегі мәтінінің кіріспесіндегі "N 148-II Қазақстан Республикасы
Заңына
," деген сөздерден кейін "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
," деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 6-тармақ "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу қалалық телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаю сомасын тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтыну ақысы жөніндегі шығыстардың құрылымына енгізу жолымен жүзеге асырылады" деген қосымша абзацпен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) 9-тармақ "газ үшін есеп кітапшалары (анықтамалар);" деген абзацтан кейін "қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненті екендігін растайтын (шарт не түбіртек - телекоммуникация көрсеткен қызметтері үшін есеп) құжаты." деген қосымша абзацпен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім жарияланған күннен бастап күшіне енеді.