О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 14 февраля 2002 года № С-21/7 «Об утверждении размеров стоимости разовых талонов и ставок фиксированного суммарного налога для отдельных видов предпринимательской деятельности» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ақмола облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары М.Х.Кошмагамбетовтың ақпаратын тыңдап, Қазақстан Республикасының Кодексі 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 391-397 баптарын, Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 6 бабын, басшылыққа ала отырып, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Екінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» шешіміне, Ақмола облысының әділет департаментінде 2002 жылғы 6 наурызда № 996 болып тіркелген, 2002 жылғы 21 наурызда № 8 «Көкшетау» газетінде жарияланған (Көкшетау қалалық мәслихаты сессиясының шешімдеріне енгізілген кейінгі өзгертулермен және толықтырулармен: 2002 жылғы 20 тамызда № С-29/7, Ақмола облысының әділет департаментінде 2002 жылғы 5 қыркүйекте № 1287 болып тіркелген, 2002 жылғы 12 қыркүйекте № 43 «Көкшетау» газетінде жарияланған; 2002 жылғы 13 қарашада № С-31/6, Ақмола облысының әділет департаментінде 2002 жылғы 19 қарашада № 1408 болып тіркелген, 2002 жылғы 28 қарашада № 53 «Көкшетау» газетінде жарияланған; 2002 жылғы 25 желтоқсанда № С-33/6, Ақмола облысының әділет департаментінде 2002 жылғы 29 желтоқсанда № 1456 болып тіркелген, 2003 жылғы 9 қаңтарда № 2 Көкшетау» газетінде жарияланған; 2004 жылғы 16 қарашада № С-17/7, Ақмола облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 6 желтоқсанда № 2909 болып тіркелген, 2004 жылғы 12 желтоқсанда № 45 «Көкшетау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» шешімінің 3 қосымшасы редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми түрде жарияланған кезден бастап қолданысқа енеді.
Басқа 4
Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 ақпандағы № С-39/6 шешіміне қосымша Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 14 ақпандағы 21-ші сессияның № С-21/7 шешіміне 3 қосымша Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» шешімі № рр Қызмет түрі АЕК салықтық жылдық мөлшері 1 Казино - ойын үстелі 3000 2 Ойынды бір ойыншымен өткізуге арналған, ақшалай ұтысты ойын автоматтарының қызметі 70 3 Электрондық рулетка 150 4 Букмекерлік кеңсе кассасы 200 5 Ойын өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютер 30 6 Ойын жолы 500 7 Бильярд үстелі 119