О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 14 февраля 2002 года № С-21/7 «Об утверждении размеров стоимости разовых талонов и ставок фиксированного суммарного налога для отдельных видов предпринимательской деятельности» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Ойын бизнесі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Салық Кодексі) 393 бабынан кейбір салық салу объектілері алынып тасталды. Аталған заңның 2 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне өзгерістер 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 29 қарашадағы № 601 «Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1469 «Бір жолғы талондар беру Ережелерін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4493 болып тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1685 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Салық Кодексінің 373 бабына өзгерістер енгізілді. Жоғарыда аталғанның негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» шешіміне (Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 6 наурызда № 996 болып тіркелген, 2002 жылғы 21 наурызда «Көкшетау» № 8 және 2002 жылғы 21 наурызда «Степной маяк» № 8 газеттерінде жарияланған, Көкшетау қалалық мәслихаты сессиясының шешімдеріне енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен: 2002 жылғы 20 тамыздағы № С-29/7 қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы»шешімінің 1 қосымшасына өзгерістер енгізу туралы», Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 6 наурызда № 996 болып тіркелген» шешіміне, Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 5 қыркійекте № 1287 болып тіркелген, 2002 жылғы 12 қыркүйекте «Көкшетау» № 43 және 2002 жылғы 12 қыркүйекте «Степной маяк» № 43 газеттерінде жарияланған; 2002 жылғы 13 қарашадағы № С-31/6 «Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» шешімінің 3 қосымшасына өзгерістер енгізу туралы», Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 6 наурызда № 996 болып тіркелген шешіміне, Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 19 қарашада № 1408 болып тіркелген, 2002 жылғы 28 қарашада № 53 «Көкшетау» және 2002 жылғы 28 қарашада «Степной маяк» № 53 газеттерінде жарияланған; 2002 жылғы 25 желтоқсандағы № С-33/6 «Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» шешімінің № 1, №3 қосымшаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 6 наурызда № 996 болып тіркелген шешіміне, Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 29 желтоқсанда № 1456 болып тіркелген, 2003 жылғы 9 қаңтарда «Көкшетау» № 2 және 2003 жылғы 9 қаңтарда «Степной маяк» № 2 газеттерінде жарияланған; 2004 жылғы 16 қарашадағы № С-17/7 «Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» шешімінің № 3 қосымшасына толықтырулар енгізу туралы», Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 6 наурызда № 996 болып тіркелген»шешіміне, Ақмола облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 6 желтоқсанда № 2909 болып тіркелген, 2004 жылғы 12 желтоқсанда «Көкшетау»№ 45 және 2004 жылғы 12 желтоқсанда «Степной маяк» №45 газеттерінде жарияланған; 2007 жылғы 30 наурызда №С-39/6 «Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 6 наурызда № 996 болып тіркелген шешіміне, Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 3 сәуірде № 1-1-59 болып тіркелген, 2007 жылғы 5 сәуірде «Көкшетау» № 14 және 2007 жылғы 5 сәуірде «Степной маяк» № 14 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» шешімінің № 2 қосымшасында алынып тасталсын: 1 тармақтың 3) тармақшасында «және жік», «жіктер» сөздері; 2 тармақта «Автомобиль көлігін жақын және алыс шетелден алып өткізу бойынша қызмет көрсетулер» сөздері;
Тармақша 2
2) Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 шешімінің № 3 қосымшасындағы 1-3 реттік нөміріндегі жолдар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми түрде жарияланған кезден бастап қолданысқа енеді.
Басқа 5
Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/22 шешіміне 1 қосымша Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 шешіміне 2 қосымша Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» шешімі №рр Қызмет тірі Бір рет берілетін талонның 1 күнге арналған бағасы (теңгемен) 1 Тауар өткізу (станционарлық жайларда жүзеге асырылатын жұмыстарды есептемегенде): 1) газеттер мен журналдар 20 2) тұқымдар, сонымен бірге егу материалдары (көшеттер) 30 3) бақша өсімдіктері 200 4) саяжайлар мен үй маңындағы учаскелерде өсірілген гүлдер 40 5) ауылшаруашылық, бау-бақша және саяжай учаскелерінде өсірілген өнімдер 40 2 Жекеменшік трактор иелерінің жер учаскелерін өңдеу қызметі бойынша 300 3 Жекеменшік жеңіл автокөлік иелерінің тасу қызметі бойынша (лицензиялы тасымалмен айналысатындардан басқаларға) жолаушылар үшін 70
Басқа 6
Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/22 шешіміне № 2 қосымша Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 14 ақпандағы № С-21/7 шешіміне № 3 қосымша Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 14 ақпандағы №С-21/7 «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» шешімі №рр Қызмет тірі АЕК* салықтың жылдық мөлшері 1 Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/23 шешімімен алынып тасталды 2 Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/23 шешімімен алынып тасталды 3 Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/23 шешімімен алынып тасталды 4 Букмекерлік кеңсе кассасы 200 5 Ойын өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютер 30 6 Ойын жолы 500 7 Бильярд үстелі 119 *АЕК - айлық есептік көрсеткіш