О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 14 марта 2002 года № 51 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің 2002 жылғы 14 наурыздағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.01.2005 № 24 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңына сәйкес және кадрлар өзгерісіне байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің "Облыстық агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға және дамытуға бағытталған бюджеттік қаржыны пайдалану туралы" 2002 жылғы 14 наурыздағы N 51 қаулысының "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдарды іріктеу және агроөнеркәсіп кешені жобаларын қарау жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы" N 2 қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Комиссия құрамына мыналар енгізілсін: Әсима Ғазисқызы Құрманова - облыстық ауыл шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары, комиссия мүшесі Зәуреш Кеңесқызы Абдолова - облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің қаржы-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
Тармақша 2
2) "Ақылбек Теміржанұлы Аманғалиев" деп басталатын жолдағы "облыстық ауыл шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары" деген сөз "облыстық экономика басқармасының бастығы" деген сөзбен өзгертілсін.
Тармақша 3
3) Комиссия құрамынан Дархан Сабырұлы Қуанышев және Ғилым Зайреденұлы Қуанышев шығарылсын.