О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 14 марта 2002 года № 52 «О проведении конкурсов природопользователей» (регистрацинный № 1363) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің 2002 жылғы 14 наурыздағы № 52 «Табиғат пайдаланушылар конкурсын өткізу туралы» қаулысына (тіркелген № 1363) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.01.2004 № 14 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірқатар аумақтық басқармалары қайта ұйымдастырылуына байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің 2002 жылғы 14 наурыздағы N 52 "Табиғат пайдаланушылар конкурсын өткізу туралы" қаулысына (тіркелген N 1363) төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулыға N 1 қосымшаның 2-тармағындағы "Орман және биоқорлар" деген сөздер "Орман және аңшылық шаруашылығы" деген сөздермен, "Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылайтын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі" деген сөздермен алмастырылсын;
Тармақша 2
2) "Кәсіптік балық аулау лимитін бөлу және су айдындарын бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы" N 2 қосымша осы қаулыға беріліп отырған қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Басқа 4. Кәсіптік балық аулау шегін бөлу және су айдындарын бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 18.04. N 90 қаулысына қосымша Кәсіптік балық аулау шегін бөлу және су айдындарын бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияның ҚҰРАМЫ Неелов Владислав Павлович - Облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, комиссия төрағасы Әлпейісов Қадыр Бақтығалиұлы - балық қорын қорғау жөніндегі облыстық инспекцияның бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Вологина Алла Григорьевна - балық қорын қорғау жөніндегі облыстық инспекцияның маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Әділәлиев Серік Рахымғалиұлы - облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Құспанов Сатыбалды Құспанұлы - облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары Суханов Ыбрай Әдиетұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық басқармасының бас маманы Оразғалиев Марат Нұржанұлы - облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының бастығы Чалусов Юрий Георгиевич - Батыс Қазақстан облысы аңшылар мен балықшылар қоғамының төрағасы (келісімі бойынша)