О внесении дополнений и изменений в решение акима города Усть-Каменогорска от 14 августа 2002 года № 8082 "О городской эвакуационной комиссии" (№ 913 от 6 сентября 2002 года) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қаласы әкiмiнiң 2002 жылдың 14 тамызындағы № 8082 "Қалалық кҚшiру комиссиясы туралы" (2002 жылдың 6 қыркүйегіндегі № 913) шешiмiне толықтыруларды және Қзгерiстердi енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырындағы "Азаматтық қорғаныс туралы",1996 жылғы 5 шiлдедегi "Табиғи және техногендiк сипаттағы тҚтенше жағдайлар туралы" Заңдарына сәйкес, қалалық кҚшiру комиссиясының құрылымдық құрамында болған Қзгерiстерге және кейбiр кәсiпорындар мен мекемелердiң қайта ұйымдастырылуына және қосымша жиналу-кҚшiру орындарын құрудың қажеттілігіне байланысты, ШЕШЕМIН: Өскемен қаласы әкiмiнiң 2002 жылғы 14 тамызындағы № 8082 "Қалалық кҚшiру комиссиясы туралы" шешіміне (Шығыс Қазақстан облысының әдiлет басқармасында 2002 жылдың 6 қыркүйегiнде № 913 тiркелген және "Рудный Алтай" газетiнде 2002 жылдың 5 қазанында және "Дидар" газетiнде 2002 жылдың 8 қазанында жарияланған) келесi толықтырулар мен Қзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. Қалалық көшiру комиссия құрылымы мен құрамынан шығарылсын: Ертай Әубәкірұлы Байбатчин Өскемен қаласы әкiмiнiң орынбасары Андрей Николаевич Данилов қала iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары Людмила Ивановна Фомичева қала тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мемлекеттiк тұрғын үйлерді есепке алу және бөлу бөлiмiнiң бастығы Тимур Мақсатұлы Беисов Семей тасымалдау бөлiмшесінің Защита шағын бөлiмiнiң бас инженерi Владимир Николаевич Кисилев қалалық жолаушыларды тасымалдау орталығының орталық диспетчерлік қызметiнiң бастығы Владимир Викторович Коровин қала тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Олег Викторович Морозов қала бiлiм беру басқармасының бас маманы
Тармақ 2
2. Шыққан мүшелердің орнына қалалық көшiру комиссиясы құрамына келесi адамдар енгізілсін: Евгении Алексеевич Ан Өскемен қаласы әкiмiнiң     орынбасары Мейрамхан Әлеханұлы Чистобаев қалалық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары Жанна Боранқызы Қияқбаева "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясының Семей тасымалдау бөлiм филиалы Защита шағын бөлiмiнiң шұғыл-басқарушылық бөлiмiнiң бастығы (келiсiмi бойынша) Олег Васильевич Молодов қалалық жолаушылар тасымалдау орталығының жетекшi маманы Манап Жұмаханұлы Ракышев қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Виктора Аврамович Храмцов қала білім беру басқармасының бас маманы Топ мүшесі Л.В.Фомичеваға жүктелген тұрғындарды қауiпсiз аймаққа орналастыру функционалдық мiндеттерi қалған топ мүшелерiнiң арасында бөлініп берілсін.
Тармақ 3
3. Қалалық көшіру комиссиясының төрағасы болып Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Ан тағайындалсын.
Тармақ 4
4. Ерекше кезеңде тасымалдауға жарамды ауруларды, медициналық жеке құрамды және олардың отбасы мүшелерiн ұйымшылдықпен көшiруiн өткiзу сонымен қатар қауiпсiз жерге шығарылған қалалық ауруханалардың қызмет етуі үшін қажетті медициналық мүліктің бөлігін шығару және төтенше жағдайда азаматтық қорғаныстың дәрігерлік қызметінің төсек жүйесін кең түрде жаю үшiн, қала әкiмiнiң 2002 жылғы 14 тамызындағы № 8082 "Қалалық көшiру комиссиясы туралы" шешiмiнiң 4 қосымшасына келесi мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын: Реттік № Орналасқан жері, жиналу-көшiру пункті Жиналу-көшiру пунктінің  жұмысына жауапты кәсiпорындар Саптарды қалыптастыру және отырғызу стансасы Жиналу- көшiру пунктінің нөмірi
Тармақша г
г) 1 Облыстық балалар ауруханасы, Өтепов көшесi, 37 үй Облыстық балалар ауруханасы Облыстық балалар ауруханасының алдындағы Өтепов көшесi 31 2 1-ші қалалық аурухана, Абай даңғылы, 18 үй 1-ші қалалық аурухана 1-ші қалалық аурухана аумағының бойындағы Абай даңғылы 32 3 Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бiрлестiк, Қызыл Қырандар жағалау, 7 үй Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бiрлестiк Шығыс Қазақстан  облыстық медициналық бiрлестiгi алдындағы Қызыл Қырандар жағалауы көшесi 33 4 Медициналық жедел жәрдем ауруханасы МКҚК, Ворошилов көшесi, 149 Медициналық жедел жәрдем ауруханасы МКҚК Медициналық жедел жәрдем ауруханасы МКҚК-нің алдындағы Ворошилов көшесi 34 5 № 2 медициналық санитарлық бөлiм, Октябрьская көшесi, 133 А үй № 2 медициналық санитарлық бөлiм № 2 медициналық санитарлық бөлiм аумағы бойынша Октябрьская көшесi 35 6 Темiржол ауруханасы, Октябрьская көшесi, 133 А үй Темiржол ауруханасы Октябрьская көшесi темiржол ауруханасы аумағының бойында 36
Тармақ 5
5. "Өскемен қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық департаментi" мемлекеттiк мекемесін қайта құруға байланысты № 23 жиналу-көшiру құрама орны тартылсын.
Тармақ 6
6. Қайта құрылған "Өскемен қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық департаментi" мемлекеттiк мекемесінен ұсынылған қалалық көшiру комиссиясының мүшелерi жаңа жұмыс орны бойынша өзгертусiз қалдырылсын.
Тармақ 7
7. Өскемен қаласы әкiмiнiң 2002 жылғы 14 тамызындағы № 8082 "Қалалық көшiру комиссиясы туралы" шешiмiнiң № 8 тармағы келесi басылымда оқылсын: "Осы шешiмнiң орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Е.А. Анға жүктелсiн".