О мерах по выполнению постановления Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2003 года № 250 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года № 1017 "О квоте иммиграции оралманов на 2003 год" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 наурыздағы
№ 250 "Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың
2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2003 жылғы
10 ақпандағы № 1017 Жарлығын іске асыру туралы
қаулысын орындау жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 14.05.2004 № 26 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 наурыздағы № 250 "Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1017 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына сәйкес оралмандарды орналастыру схемасы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалар әкімдері, Қостанай облыстық көші-қон
және демография басқармасымен бірлесе отырып:
Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасынан көшіп келетін
оралмандарды бекітілген квота бойынша оларды орналастыру схемасына
сәйкес қабылдауды және орналастыруды қамтамасыз етсін;
республикалық бюджеттен бөлінген қаржының шегінде оралмандардың қоныстанған жерлерінде үй (пәтер) сатып алуды қамтамасыз етсін;
2003-2005 жылдарға қабылданған облыстық кедейшілікті төмендету бағдарламасына сәйкес жұмысқа жарамды оралмандардың отбасы мүшелерінің кемінде 70 пайызын жұмыспен қамтамасыз етсін;
тауарлы ауылшаруашылығы өнімін өндірумен, бағбаншылық және жеке қосалқы шаруашылықпен айналысу үшін оралмандар отбасыларына
белгіленген тәртіп бойынша жер учаскелерін берсін.
Тармақ 3
3. Оралмандарға үй сатып алу жөніндегі облыстық бағдарламаның уақытылы қаржыландырылуын қаржы департаменті (М.А. Щеглова) қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Оралмандар отбасыларының мүшелерін мамандықтары, кәсіптері бойынша жұмыспен қамтамасыз етуде, сондай-ақ оларды қажетті мамандықтарға дайындау шараларын шешуде, зейнетақы, жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмектің уақытында қажетті құжаттарын дайындап және белгілі мерзімінде төлеп отыруда, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (О.А. Киколенко), Зейнетақы төлеу
жөніндегі мемлекеттік орталықтың облыстық филиалы (М.С. Мұрзабекова, келісім бойынша) шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Оралмандарды уақытында тіркеуде, тұрақты тұруға рұқсаттайтын құжаттармен қамтамасыз етуде, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуын шешуде, олардың жаңадан қоныстанған мекен-жайларында жеке басының және дүние-мүліктерінің қауіпсіздігін қорғауда, ішкі істер бас басқармасы (Н.М. Дейхин) шаралар қабылдасын.
Тармақ 6
6. Оралмандардың оқу жасындағы балаларының мектептерде оқуын қамтуда, қажетті жағдайда оларды интернатқа орналастыруда және мемлекеттік тілде оқытатын қосымша сыныптар ашуда, білім департаменті (Қ.А. Қаткенов) шаралар қабылдасын.
Тармақ 7
7. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов) көшіп келуші оралмандарды толық дәрігерлік бақылаудан өткізсін, қажет болған жағдайда оларды емдеуді ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Көші-қон және демография басқармасы (А.А. Қаражанов, келісім бойынша) басқа да мүдделі мекемелермен бірлесе отырып, осы шешімнің орындалуы туралы ақпаратты 2004 жылдың 20 қаңтарына дейін облыс әкімінің аппаратына тапсырсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға жүктелсін.
Басқа 10. 2003 жылға бекітілген көшіп келу квотасы бойынша
Қостанай облысына келетін оралмандарды орналастыру схемасы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2003 жылғы 2 сәуірдегі
№ 13 шешіміне
қосымша
2003 жылға бекітілген көшіп келу квотасы бойынша
Қостанай облысына келетін оралмандарды орналастыру схемасы
Рет
№
Қалалар мен Аудандар атауы
Барлығы:
Оның ішінде:
Өзбекстаннан
Ресей Федерациясынан
1
Алтынсарин
15
12
3
2
Амангелді
10
10
3
Әулиекөл
25
25
4
Денисов
30
28
2
5
Жангелдин
10
10
6
Жітіқара
35
33
2
7
Қамысты
30
30
8
Қарабалық
35
32
3
9
Қарасу
20
20
10
Қостанай
45
35
10
11
Меңдіқара
35
33
2
12
Науырзым
10
10
13
Сарыкөл
35
33
2
14
Таран
25
23
2
15
Үзынкөл
30
25
5
16
Федоров
35
32
3
17
Арқалық қаласы
25
25
18
Қостанай қаласы
73
23
50
19
Лисаков қаласы
35
33
2
20
Рудный қаласы
100
92
8
ЖИЫНТЫҒЫ:
658
564
94