О выполнении Постановления Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2003 года № 250 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года № 1017 «О квоте иммиграции оралманов на 2003 год» Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 14 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 10-ақпандағы "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" № 1017 Жарлығын жүзеге асыру туралы" № 250 қаулысын орындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14-наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10-ақпанындағы "Оралмандардың 2003 жылға арналған квотасы туралы" N 1017 Жарлығын жүзеге асыру туралы" N 250 қаулысын үшін облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалар бойынша 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкімдері:
Тармақша 1
1) Оралмандар отбасыларын қабылдауды және оларға баспана сатып алуды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Оралмандарға қажетті әлеуметтік-тұрмыс жағдайларын жасасын, үй салу және жеке шаруашылық қожалықтарын дамыту ғүшін белгіленген тәртіп бойынша жер бөліп берсін.
Тармақ 3
3. Облыстық көші-қон және демография жөніндегі басқармасы (Б.К.Сабаншиев):
Тармақша 1
1) 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы бойынша облысқа өзбекстаннан, Моңғолиядан, Түркиядан және Қытайдан көшіп келетін оралмандар отбасыларын қабылдауды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) Оралмандарға уақытында бірреттік жәрдемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) Оралмандарды жайластыруды ұйымдастыруды басқармалармен бөлімдердің, жергілікті орындаушы органдардың жұмыстарын үйлестірсін;
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Н.Д.Бөлекбаева);
Тармақша 1
1) Оралмандарды кәсіби шеберліктері, мамандықтары бойынша жұмыспен қамтуды және оларды қажетті мамандықтарға даярлау, сондай-ақ қайта даярлаудан өткізуді, тұрмысы нашар және көпбалалы оралмандар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету шараларын жғүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық Ішкі істер басқармасы (А.Ж.Шпекбаев):
Тармақша 1
1) Оралмандардың облыс аумағында жүру жолдарында және қоныстанған жерлерінде жеке бастары мен мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Оралмандардың ықтиярхатын және Қазақстан Республикасының азаматтығын алу жөніндегі құжаттарын мезгілінде қарап,ресімдеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (А.Д.Дғүйсекеев):
Тармақша 1
1) Облыс аумағына көшіп келген оралмандар отбасының мғүшелерін медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық білім басқармасы (Т.Естенов):
Тармақша 1
1) Оралмандар отбасыларының оқу жасындағы балаларын арнайы кәсіптік-техникалық оқу орындарына және мектептерге қабылдауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Оралмандар балаларының мемлекеттік тілде білім алуына жағдай жасап, қазіргі қазақ әліпбиін оқып-үйренуіне көмек көрсетсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің кеңесшісі С.Мұқановқа жүктелсін.
Басқа 20
Алматы облысы Әкімінің
2003 жылғы 11 сәуірдегі
N 4-75 шешіміне
қосымша
Облыстың аудандары мен қалалары бойынша
2003 жылға арналған көшіп келу квотасы
Р/с
Аудандар, қалалар
Өзбекстан
МХР
Түркия
ҚХР
Ресей
Барлығы
1
Еңбекшіқазақ
7
10
2
19
2
Ескелді
4
5
1
10
3
Жамбыл
17
1
18
4
Іле
19
5
24
5
Қарасай
17
17
6
Көксу
4
4
7
Кербұлақ
4
1
5
8
Райымбек
4
4
9
Сарқан
8
8
10
Талғар
11
10
1
22
11
Қапшағай қаласы
4
4
12
Талдықорған қаласы
1
6
11
18
Барлығы
80
28
20
20
5
153
Алматы облыстық
Күші және демография
жөніндегі басқарманың бастығы
Б. Сабанчиев