О внесении изменений в постановление акимата области от 14 апреля 2003 года № 88 (зарегистрированное в Департаменте юстиции Актюбинской области за № 2122 от 04 мая 2003 года) Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 88 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Ақтөбе облыстық әділет Департаментінде 2003 жылғы 04 мамырда № 2122 тіркелген)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357 Заңдарына және «Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың Тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 каулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 88 қаулысымен
бекітілген, облыс әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Тәртібіне
мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тараудағы 1 тармақта «облыс әкімінің өкімі бойынша» сөздері
«әкімият қаулысы бойынша» сөздерімен алмастырылсын;
2 тараудағы 3 тармақта «облыс әкімінің өкімі негізінде» сөздері
«облыс әкімияты қаулысының негізінде» сөздерімен алмастырылсын;
2 тараудағы 4,5,6 тармақтарында «облыс әкімінің өкімдеріне»,
«облыс әкімінің өкімдері», «облыс әкімінің өкімі» сөздері «облыс
әкімиятының қаулысына», «облыс әкімиятының қаулылары», «облыс
әкімиятының қаулысы» сөздерімен алмастырылсын;
3 тараудағы 9 тармақта «өкім жобасы» сөздері «қаулы жобасы»
сөздерімен алмастырылсын;
4 тараудағы 12,13 тармақтарда «облыс әкімінің өкімі» сөздері
«облыс әкімиятының қаулысы» сөздерімен алмастырылсын;
5 тараудағы 15,16 тармақтарда «өкімдер», «өкім» сөздері
«қаулылар», «қаулы» сөздерімен алмастырылсын.