О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 декабря 2004 года N 447 "Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия счетов государственных учреждений" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 447 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 447 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3333 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. тамыз, N 17, 135-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесінде: 23-тармақтың бірінші сөйлемінде "шарттарға және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоятын тұлғалардан басқа," деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Д.М.Шәженова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.