О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2004 года № 137 "Об объемах официальных трансфертов общего характера между областным бюджетом и бюджетами районов и городов Костанайской области на 2005-2007 годы" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қостанай облысының аудандары мен қалалары бюджеттерінің және облыстық бюджет арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемі туралы" мәслихаттың 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 137 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қостанай облысы әкімдігінің қаулысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Қостанай облысының аудандары мен қалалары бюджеттерінің және облыстық бюджет арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемі туралы" мәслихаттың 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 137 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу номері 3296, "Қостанай таңы" 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 9, 2005 жылғы 15 ақпандағы № 17, "Костанайские новости" 2005 жылғы 2 ақпандағы № 16, 2005 жылғы 9 ақпандағы № 20, 2005 жылғы 16 ақпандағы № 24). Көрсетілген шешімнің 3-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: "4) 12-қосымшаға сәйкес "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру үшін 28908 мың теңге сомасындағы қаржы".
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін күші бар.
Басқа 3. 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттердің қосымша шығындары
Мәслихаттың 2005 жылғы 25 ақпандағы № 157 шешіміне 12-қосымша 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттердің қосымша шығындары № р/с Атауы Сомасы, мың теңге 1 2 3 Барлығы 28908 1 Алтынсарин 514 2 Амангелді 1625 3 Әулиекөл 58 4 Денисов 46 5 Жангелдин 349 6 Жітіқара 61 7 Қамысты 355 8 Қарабалық 41 9 Қарасу 988 10 Қостанай 65 11 Меңдіқара 53 12 Науырзым 194 13 Сарыкөл 50 14 Таран 991 15 Ұзынкөл 1000 16 Федоров 314 17 Арқалық қаласы 1818 18 Қостанай қаласы 4054 19 Лисаков қаласы 172 20 Рудный қаласы 579 21 Облыстық 15581