О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 14 июня 2004 года № 169/5 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 14 июня 2004 года № 169/5 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 220/8
- Қабылданған күні
- 20.08.2008
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2009 AI41368_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08P0003122
- ЭКБ идентификаторы
- 41368
- Редакция идентификаторы
- AI41368_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:57
0
Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 маусымдағы № 359 бұйрығына сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан, жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттерге, жетім студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 169/5 қаулысына (2007 жылғы 18 маусымда Павлодар облысы әділет басқармасының тізілімінде № 2621 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 6 шілдедегі № 78 "Звезда Прииртышья газетінде, 2004 жылғы 8 шілдедегі № 80 "Сарыарқа самалы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-тармағындағы "60" деген сандар "45" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
3-тармақтағы "60" деген сандар "45" деген сандармен ауыстырылсын.
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамына мыналар:
Берковский
Владимир Александрович
- облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы, Комиссия мүшесі
Марданова
Айгүл Қамзақызы
- облыс білім беру департаменті директорының міндетін атқарушысы, Комиссия мүшесі
Тышымханова
Дыбыс Сартайқызы
- Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры (келісім бойынша), Комиссия мүшесі
Проказова
Татьяна Викторовна
- облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің бастығы, Комиссия хатшысы болып енгізілсін.
Тышқанова Нұржамал Сағадатқызы, Кәрімжанов Бахриден Сарбасұлы, Нухұлы Алтынбек, Мүлкатиханова Мунира Болатқызы, Нетребский Николай Архипович Комиссия құрамынан шығарылсын;
көрсетілген қаулының, Ереженің, Комиссия ережесінің барлық мәтіні бойынша "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті", "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне", "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментімен" деген сөздер тиісінше "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы", "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына", "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен" деген сөздермен ауыстырылсын.