О внесении дополнения в решение Денисовского районного маслихата от 14 июля 2004 года № 43 «О регламенте Денисовского районного маслихата» Күшін жойған
Басқа 0
Денисов аудандық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі № 43 «Денисов аудандық мәслихатының регламенті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
2006 жылдың 18 қаңтарындағы № 19 Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, тұрғындардың алдында жергілікті орындау органдардың жауапкерлік деңгейін жоғарлату мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8 бабының 3 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2004 жылдың 14 шілдесіндегі № 43 «Денисов аудандық мәслихатының регламенті туралы» шешімінің мемлекеттік тіркеу номірі 3110, «Наше время» № 42 от 16 октября 2004 года, № 43 от 23 октября 2004, № 44 октября 2004) 3 тарауын 16-1 пунктпен келесі редакциясымен толықтыру:
«16 - 1 2006 жылдың 18 қаңтарындағы № 19 Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімі жарты жылдықта бір рет аудандық мәслихатының екі сессияларында, құзырлығына шек аудандық мәслихат депутаттарының алдында оған жүктелген қызмет пен міндеттерді орындалу туралы есеп береді. Әкімнің есеп қорытындысы және оны талқылау бойынша аудандық мәслихатының шешімі қабылданады».
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында тіркелгеннен бастап іске енгізіледі.