О внесении дополнения город Балхаш в решение городского маслихата от 14 апреля 2004 года № 6/59 "Об утверждении Правил приватизации государственного жилищного фонда" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 6/59 шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 6/59 "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 1519, "Балқаш өңірі" газетінің 2004 жылғы 4 маусымдағы N 49-50 санында, "Балхашский рабочий" газетінің 2004 жылғы 4 маусымдағы N 42 санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 20 тамыздағы N 11/113 "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 6/59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 1607, "Балқаш өңірі" газетінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 88 санында, "Балхашский рабочий" газетінің 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 72 санында жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасында:
Тармақ 2
2 тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын:
Тармақша 5
"5) интернационалистік борышын атқаруға байланысты мүгедек болған интернационалист-жауынгерлер.".
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика, коммуналдық сала, көлік, коммуникациялар және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Гусев А.И.). "КЕЛІСІЛДІ" 16.09.2005 ж.