О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2004 года № 965 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта:
Тармақша 2
2) тармақшадағы «деп белгіленсін.» деген сөздер «;» белгісімен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3), 4) тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 3
«3) бөлінген үй-жайларда мемлекеттік құпияларды және ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі талаптарды міндетті түрде орындай отырып, «Үкіметтің мобильдік офисіне» қол жеткізу үшін қажетті мобильдік құрылғыларды қолдануға рұқсат етіледі. Құпия келіссөздер мен мәжілістер өткізу уақытында көрсетілген мобильдік құрылғылар өшіріледі не қызметтік үй-жайдан тыс шығарылады;
Тармақша 4
4) «Үкіметтің мобильдік офисі» қызметтік ақпаратының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында санкцияланбаған қол жетімділіктен қорғаудың ұйымдық және техникалық шаралары мен Интернет желісінің деректерін берудің жаһандық желілеріне «Үкіметтің мобильдік офисінің» қол жетімділігі үшін пайдаланылатын деректерді беру желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі деп белгіленсін.»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп, үш ай мерзімде «Үкіметтің мобильдік офисіне» беруге рұқсат етілген қызметтік ақпараттың тізбесін әзірлесін және бекітсін.»;
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.