О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 14 июля 2004 года №42 «О правилах оказания социальной помощи специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в аульной (сельской) местности, на приобретение топлива» Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 14 шілдедегі «Ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік ұйымдардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері туралы» № 42 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 14 шілдедегі «Ауылды (селолық) жерлерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік ұйымдардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек корсету Ережелері туралы» № 42 шешіміне (тіркелген №1326 2004 ж. 17.08., «Тайыншинские вести» № 37 19.09.2004 жыл) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1. Шешімнің атауы келесі редакцияда баяндалсын:
«Селолық елді мекендерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік ұйымдардың денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік комек корсету ережелері туралы»;
Тармақша 2
2. Шешімдегі:
Шешімінің кіріспесінде және Ережелердің 1.1. тармағындағы «Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасының 1991 жылғы 13 ақпандағы «Қазақ КСР-нда ауыл (село) және агроонеркәсіптік кешендерінің даму басымдылығы туралы» Заңымен» сөздері «Селолық аумақтарды және агроөнеркәсіптік кешендерінің дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» создерімен озгертілсін;
Тармақша 3
3. Шешімнің 1 тармағы және Ережелердің атауы келесі редакцияда баяндалсын:
«Селолық елді мекендерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік ұйымдардың денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері»;
Тармақша 4
4. Ережелерде:
2 тармақтың 2.1. тармақшасындағы «еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі (одон әрі - ЕЖҚ және ХӘҚБ)» сөздері «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (одан әрі - ЖҚ және ӘББ)» сөздерімен өзгертілсін;
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілген
Тайынша ауданының әкімі
А.Маковский
07.07.2006 ж.