О внесении дополнения и изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 14 сентября 2005 года N 302 "Об утверждении Правил по определению монопольного дохода" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Монополиялық табысты айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі N 302 бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы заңдарға тәуелді кесімдерді жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Монополиялық табысты айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі (Нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3836-нөмірімен тіркелген, "Заң газеті" 2005 жылғы 19 қазандағы N 193 (927) газетінде және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық кесімдері бюллетенінде жарияланған) N 302  бұйрығына  мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Монополиялық табысты айқындау жөніндегі ережесінде: 4-тарауының 8-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 3-1
"3-1) "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  17-бабының  4-тармағын және   18-бабын бұзғанда рынок субъектілері (тұлғалар тобы) белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінен негізгі өндірістік құрал-жабдықтарын немесе материалдық емес активтерін, акцияларын (үлестерін, пайларын) алады, нәтижесінде рынок субъектісінің (тұлғалар тобының) аталған іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) бәсекелестікке жол бермеуге, оны шектеуге немесе жоюға және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым жасауға, сондай-ақ рынок субъектісінің (тұлғалар тобының) үстем (монополиялық) жағдайының күшеюіне не пайда болуына әкелді"; 9-тармақта "3)" деген цифр "3-1)" деген цифрмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті (Мәтішев Ә.Б.) заңнамалық белгіленген тәртіпте осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі А.Б.Баталовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр