О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2005 года № 155 «О бюджете Аулиекольского района на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 155 «Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің, Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 280 «Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 258 «2006 жылға арналған
Қостанай облысының облыстық бюджеті туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 3529» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің және Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 130 қаулысының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 155 «Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-7-24, аудандық «Әулиекөл» газетінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 52 санында жарияланған), бұрын мәслихаттың 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 163 «Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 155 «Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен өзгерістер енгізілген:
Айтылған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ауданның 2006 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 988340 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 356310 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1801 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5035 мың теңге;
алынған ресми трансферттер - 625194 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен субвенция - 386899 мың теңге;
2) шығындар - 985950 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 2390 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 3000 мың теңге;
6) бюджет тапшылығы - 610 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын 610 мың теңге сомасында қаржыландыру, қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдығын тарту есебінен жүргізіледі».
Осы шешімнің 1-қосымшасы 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Әулиекөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді.
Басқа 3. Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті
Мәслихаттың
2006 жылғы 29 сәуірдегі
№ 193 шешіміне
1-қосымша
Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті
Басқа 4. 2006 жылғы арналған Әулиекөл ауданының бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалардың тізбесі
Мәслихаттың
2006 жылғы 29 сәуірдегі
№ 193 шешіміне
2-қосымша
2006 жылғы арналған Әулиекөл ауданының бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалардың тізбесі
Басқа 5. 2006 жылғы арналған Әулиекөл ауданының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Мәслихаттың
2006 жылғы 29 сәуірдегі
№ 193 шешіміне
3-қосымша
2006 жылғы арналған Әулиекөл ауданының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі