О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2005 года № 155 «О бюджете Аулиекольского района на 2006 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 155 «Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасының, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің, Қостанай облыстык мәслихатының 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 311 және 2006 жылғы 21 шілдедегі № 332 «Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 258 «2006 жылға арналған Қостанай облысының облыстық бюджеті туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 3529» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің және Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 24 шілдедегі № 189 қаулысының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 155 «Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-7-24, аудандық «Әулиекөл» газетінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 52 санында жарияланған), бұрын мәслихаттың 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 163 «Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 155 «Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен, 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 193 «Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 155 «Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен өзгерістер енгізілген: Айтылған шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Ауданның 2006 жылға арналған бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 1004841 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 362104 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1658 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6584 мың теңге; алынған ресми трансферттер - 634495 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен субвенция - 386899 мың теңге; 2) шығындар - 1002451 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 2390 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредиттеу - 0; 5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 3000 мың теңге; 6) бюджет тапшылыгы - 610 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын 610 мың теңге сомасында қаржыландыру, қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдығын тарту есебінен жүргізіледі». 5-1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «5-1. Республикалық бюджеттен бөлінген 68466 мың теңге сомасындағы нысаналы трансферттер жіберілетіні ескерілсін: мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 195 мың теңге сомасында; жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне 859 мың теңге сомасында; білім беру ұйымдарының бірүлгі штаттарын үстауға 28238 мың теңге сомасында; жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін үстауға 6458 мың теңге сомасында; жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуга және жеткізуге 2740 мың теңге сомасында; жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға 6975 мың сомасында; балалардың тамақтануын, түруын және тестілеу пунктілеріне жеткізілуін ұйымдастыруға 718 мың теңге сомасында; жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді Интернетке қосуга және олардың трафигін төлеуге 3257 мың теңге сомасында; мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттікті шектеу шегінде әкімшілік функцияларын тапсыруға 2618 мың теңге, оның: Әулиекөл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 1312 мың теңге, Әулиекөл ауданының жер катынастары бөлімі бойынша 1306 мың теңге; мемлекеттік коммуналдық тұрғын-үй қорының тұрғын үйлерін салуға 12178 мың теңге сомасында; жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің физика, химия, биология қабинеттерін 2006 жылға оқу жабдықтарымен жарақтандыруға 4230 мың теңге сомасында». Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес 1 қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Әулиекөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді. КЕЛІСІЛДІ: «Әулиекөл ауданы бойынша салық комитеті» мемлекеттік мекемесінің төрайымының міндетін атқарушы ________________ А.С. Мұқанов
Басқа 3. Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті
Мәслихаттың 2006 жылғы 1 тамыздағы № 206 шешіміне 1 қосымша Әулиекөл ауданының 2006 жылға арналған бюджеті
Басқа 4. 2006 жылға арналған Әулиекөл ауданының бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалардың тізбесі
Мәслихаттың 2006 жылғы 1 тамыздағы № 206 шешіміне 2 қосымша 2006 жылға арналған Әулиекөл ауданының бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалардың тізбесі
Басқа 5. 2006 жылға арналған Әулиекөл ауданының бюджетін атқару процесінде секвестерлеуге жатпайтын бюджеттік бағдардамалардың тізбесі
Мәслихаттың 2006 жылғы 1 тамыздағы № 206 шешіміне 3 қосымша 2006 жылға арналған Әулиекөл ауданының бюджетін атқару процесінде секвестерлеуге жатпайтын бюджеттік бағдардамалардың тізбесі