О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 14 февраля 2005 года № 25 "О перечне, формах, сроках и порядке представления и публикации годовой финансовой отчетности банками второго уровня" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң жылдық қаржылық есебiнiң тiзбесi, нысандары, мерзiмдерi және ұсыну мен жариялау тәртiбi туралы" 2005 жылғы 14 ақпандағы № 25 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Екiншi деңгейдегi банктердiң жылдық қаржылық есебiн ашуға қажеттi қосымша ақпарат ұсынуды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң жылдық қаржылық есебiнiң тiзбесi, нысандары, мерзiмдерi және ұсыну мен жариялау тәртiбi туралы" 2005 жылғы 14 ақпандағы № 25 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3499 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2005 жылғы 1-15 мамырда жарияланған) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Банктер шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке және аудиторлық қорытындыға толықтыру ретiнде есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде банктегi тәуекелдердi басқару жүйелерiнiң болуын бағалау жөнiнде аудиторлық ұйымға есеп ұсынуы қажет.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
Тармақ 3
3. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Шалғымбаева Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiне және банктерге жiберсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Б.Ш. Тәжiяқовқа жүктелсiн. "КЕЛIСIЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң Төрағасы 2005 жылғы 2 қыркүйек