О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Тарановского района от 14 февраля 2005 года № 36 «Об утверждении Инструкции по организации и финансированию общественных работ» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Таран ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 36 “Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы” қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазакстан Республикасы Заңынын 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелеріне сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 2005жылғы 14 ақпандағы № 36 “Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы” (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3366, “Шамшырақ”, 2005 жылғы 23 наурыз № 12), Таран ауданы әкімдігінің қаулысына мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген каулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарда ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулығының: 12 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: “Аудан әкімдігі қаулысымен белгіленген мөлшерінде, қоғамдық жұмыстарына қатысушыларының еңбектерін төлеу, жұмыс берушілерінің шығыстары мәслихат шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен белгіленген мөлшерінде әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру қорына әлеуметтік аударуларына жұмыс берушілердің шығыстары мәслихат шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі. Жеке шоттарына жалақы және басқа ақша төлемдерді есептеу және төлеу, қоғамдық жұмыстарына қатысатын азаматтарға келісім-шартта белгіленген мөлшерінде, сұраныс немесе банктің дебет төлеу карточкелерін шоттарына түсімдер бойынша екінші деңгейдегі банк қызметтерін комиссиялық марапаттау төлеуіне жұмыс берушілердің шығыстары мәслихат шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі. Бюджет каражаттар жұмыс берушілердің есеп шоттарына аударылады.”.